Петропавлда жолды жамап қойды: видео қазақстандықтарды күлдірді
Сурет: Алматы әкімдігі
Қазнетте жолды жамау кезінде тапқырлық танытқан жұмысшылардың видеосы тарады. Олар арнайы техниканың жоқтығынан асфальттегі шұңқырды "аяқтарымен жамап қойды", - деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жаңа Қазақстан! Жолды жоғары технологиямен жөндеу", - делінген видеоның астында.
Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына хабарлағандай, видеодағы кадрлар жол жөндеуге жатпайды. Басқарма бұл учаскеде жұмысты "Қызылжар су" ЖШС жүргізгенін атап өтті. Алайда компания мамандары әзірше видеоға қатысты пікір білдірген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript