Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақтылығы бақылауда

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 16:37 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкентте азық-түлік қауіпсіздігін сақтап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының (ӘМАТ) баға тұрақтылығын қамтамасыз ету күн тәртібінен түскен емес. Бұл тауарлар сауда нысандарына берілген қаражат есебінен қаладағы 115 сауда орнында белгіленген ортақ бағада сатылып келеді.

Оның ішінде, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, Грамад желісінің – 24, Магнумның – 31, ет өнімдерінің – 10 сауда нүктесі болса, 45-і - үй маңындағы дүкендер. Сондай-ақ, 5 жылжымалы көкөніс нүктесі бар.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 16:37

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Құзырлы ведомство нақтылап өткендей, 2023 жылы да мегаполисте әлеуметтік сауда орындарының санын көбейту жоспарланған. 

"Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жергілікті тауар өндірушілердің нарықтағы үлесін арттыру мақсатында арнайы келісімшарт түзілген. Олардың қатарында ұн, жұмыртқа, нан және ет өнімдері бар. Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасы өсімінің алдын алу мақсатында форвардтық келісімшарт жасалған. Сондай-ақ, қала тұрғындарын нарықтан 10-15% төмен бағада азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылып келеді. Тұрғындар көп шоғырланатын 9 нүктеде өтетін шараға жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтар атсалысып жүр", - дейді мамандар.


Айта кетейік, мамандар Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бағасының тұрақтылығы бақылауда екенін алға тартты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: