Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, 95 жастағы әйел зардап шекті

газ баллоны жарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 23:18 Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД
2023 жылғы 7 ақпан күні сағат 12:45-те Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы, Петропавл ауылында, Гагарин көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына құтқарушылар барған кезде жеке тұрғын үйде 5 литрлік газ баллонының, газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан,  үйдің қабырғалары бүлініп, өрт шыққаны анықталған.

Оқиға орнына 2 құтқарушы мен 1 бірлік техника жіберілген.

"Үй иелерінің көршілері өртті құтқарушылар жеткенше өз күштерімен сөндіріп үлгерген. Жарылысқа толтырылған газ баллонды салқын жерден жылы жерге (жылы еденге) кіргізу кезінде газ ауа қоспасының көбеюі себеп болған". Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті

Жарылыс салдарынан 1952 жылы туған ер адам мен 1928 жылы туған әйел адам облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: