Жаңаөзенде газ баллоны жарылып, 11 адам зардап шекті
Сурет: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Сәуірдің 17-сі күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екінші шағын аудандағы көпқабатты үйде газ баллоны жарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел ақпаратына сәйкес, жарылыс екі кіреберісті 12 пәтерлі тұрғын үйде болған. Жарылыстан кіреберіс құлаған. Опырылған аумақ 150 шаршы метрді құрады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 11 адам зардап шекті, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда".
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Құтқарушылар жарылыс өртпен бірге жүрмегенін хабарлады.
Оқиға орнында үйінділерді тазалау жұмыстарына 50-ден астам құтқарушы мен кинолог, 10 техника жұмылдырылған. Шараға дәрігерлер мен жергілікті атқарушы органдар да қатысуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript