Жаңалықтар тізбегі
0

"Аватар: су жолы" фильмінің қазақша дубляжын 43 мыңнан астам адам көрген

Аватар, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 00:14 Сурет: disney
Ғылыми-фантастикалық туындының қазақша нұсқасын 43 мыңнан астам көрермен тамашалап, кассалық табысы алғаш рет 71 миллион теңгеге жеткен. Бұл - голливуд фильмдеріне дубляж жасаудың 12 жылдық тарихында тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, бүгінде қазақ тілі дубляждағы екінші түркі тілі ретінде дараланып, Blu-Ray-да көруге болатын Голливуд фильмдерінің негізгі жеті тіліне енген.

Фильмді 35 дубляж актері дыбыстаған. Бас кейіпкері Джейк Саллиді – актер Қобыланды Болат, Зои Салдананы Шехназа Қызыханова дыбыстады. Сонымен қатар дыбыстауға балалар да қатысты.

Министрлік алдағы уақытта да әлемдік деңгейдегі фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды жалғастыратынын хабарлады. Бұл жұмыстарға жыл сайын 300-ге жуық дубляж маманы жұмылдырылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: