Жаңалықтар тізбегі
0

4 мыңға жуық білім грантының иегері Еуразия ұлттық университетін таңдаған

ЕНУ Сурет: Instagram/enugumilyov_official
Бұл – ЖОО тарихында еліміз бойынша рекордтық көрсеткіш. Жаңа рекордты Ғылым және жоғары білім министрлігі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің хабарлауынша, мектеп түлектерінің басым таңдауы техникалық бағыттарға түсті, яғни 3 мыңнан астам грант иегері осы бағытты таңдады. Оқуға түсушілердің сапалы контингенті «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері және басқа да дарынды жастардан тұрады.

Биыл мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған гранттарды ұлғайтты және ауыл жастары мен Қазақстан азаматтығы жоқ этникалық қазақтарға квоталар бөлді. Осыған байланысты Еуразия ұлттық университеті халықтың әлеуметтік осал топтарына 200-ден астам және шетелдік азаматтар мен этникалық қазақтар үшін (300-ден астам білім алушы) грант иегерлеріне есік ашады. Сонымен қатар университетте мұқтаж студенттерге қолдау көрсету бойынша әлеуметтік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр, – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі Telegram-дағы каналында.

Қазір Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS WUR жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингінде 277-орында. Ал университет ұлттық білім беру рейтингтерінің көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: