24 қаңтар – Халықаралық білім күні
Сурет: unsplash
Ғылым және жоғары білім министрлігі бүгін Халықаралық білім күні екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық білім күні 2019 жылдан бастап алғаш рет әлем бойынша 24 қаңтар күні аталып өтеді.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 2018 жылғы 3 желтоқсан күні қарарында 24 қаңтар күнін Халықаралық білім күні деп жариялады. Бұған себеп – осы күннің татулық пен дамуға қол жеткізу барысындағы ролін мойындау.
"Барлығына инклюзивті және тең сапалы білім беру және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етпейінше, елдер гендерлік теңдікке қол жеткізе алмайды және миллиондаған балаларды, жастарды және ересектерді артта қалдыратын кедейлік циклін бұза алмайды", - делінген БҰҰ-ның қарарында.
- Бүгінде шамамен 258 миллион бала мен жасөспірім мектепке бармайды;
- 617 миллион бала мен жасөспірімде оқу мен математиканың қарапайым дағдысы жоқ;
- Сахараның оңтүстігіндегі Африкадағы қыздардың 40%-дан азы бастауыш орта білімді аяқтайды, ал төрт миллионға жуық босқын балалар мен жастар мектепке бармайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript