Жаңалықтар тізбегі
0

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік бағдарлама, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2021 19:47 Сурет: ҚР БҒМ
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz
Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде стипендия 569 қазақстандыққа тағайындалды. Оның ішінде 163 адам магистратураға, 4 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының докторантурасына түсті. «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша 37 стипендиат білім алады. Тағы 365 ғалым шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Естеріңізге сала кетейік, «Ғалымдар» санаты биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет бекітілді. Бұл шешім Қазақстандық ғалымдарға жетекші университеттерде, ғылыми және салалық орталықтарда білім алуға, сол арқылы елдің ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.ҚР БҒМ

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері академиялық оқудан және әлемнің 27 елінің жетекші университеттері мен ғылыми және салалалық орталықтарында тағылымдамадан өтеді. 220 адам АҚШ, 136 – Ұлыбритания, 57 – Ресей Федерациясы, 13 – Австралия, 14 – Германия, 3 – Жапония, т. б. мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білім алады.

Биылғы жылы тағылымдамалар мен оқыту бағдарламалары шеңберінде «Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары», «Педагогикалық платформаларды әзірлеу», «STEM пәндерін оқыту әдістемесі», «Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық», «Педагогикалық инновациялар», «Биология, молекулалық биология, биохимия», «Вирусология. Жұқпалы аурулар. Эпидемиология», «Цифрлық экономика. Сандық Маркетинг» сынды бағыттар сұранысқа ие болды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі ҚР БҒМ Telegram парақшасында https://t.me/bilim_jane_gylym және Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

Министрлік биыл 24 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткенін еске салады.

Айта кетейік, бұдан бұрын конкурстық іріктеудің екі легінің қорытындысы бойынша комиссия шешімімен тағы 309 стипендия, оның ішінде «Ғалымдар» санаты бойынша 51 стипендия тағайындалған болатын.

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламалары шеңберінде 5 санат бойынша бөлінген.

Тағы 500 стипендия «Ғалымдар» тағылымдамасының жаңа санаты бойынша бөлінді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: