57 үміткерге "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалды
24.kz
Олар магистратура және докторантурада білім алады, сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Комиссия шешімімен стипендия 57 үміткерге тағайындалды. Олар магистратура және докторантурада білім алады, сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.
Ал доктор дәрежесін алуға 7 адам, тағылымдамадан өтуге 2 үміткер конкурстық іріктеуге қатысты.
Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы "Болашақ" халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript