Елімізде 199 адамға «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды

отырыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2022 15:32 Сурет: Орталық коммуникациялар қызметі
Енді олар магистратура мен докторантурада оқиды. Жалпы биыл магистратура мен резидентурада оқуға 385 стипендия, докторантура бағдарламалары бойынша 60 стипендия бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл соңына дейін Республикалық комиссияның тағы екі отырысы өтеді. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау биылғы 30 мамырда басталды және 14 қазанға дейін созылады. Тағылымдамадан өту үшін құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасына сәйкес инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса мән берілді. Егер өткен жылы инженерлік-техникалық мамандықтарға 36% стипендия бөлінсе, биыл 60% бөлінді, – делінген ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар медициналық бағыттағы академиялық бағдарламаларға үміткерлердің қолжетімділігін және қызығушылығын арттыру мақсатында Республикалық комиссия медицина қызметкерлерін академиялық оқыту үшін жеке санат бөлу туралы шешім қабылдады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: