Жаңалықтар тізбегі
0

Антакияда үйінді астынан екінші қазақстандықтың денесі табылды

Түркия, жер сілкінісі, Мирболт Құрмашев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 09:03 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен Мирболат Құрмашевтің денесі табылып, шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ таратқан ақпарат бойынша, здестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына жету үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасаған.

"Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтердің қайта құлауын болдырмау үшін тосқауылдарда аз саңылаулар жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты" – делінген  ТЖМ-ның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.


8 ақпан күні Түркияда із-түзсіз жоғалған Мирболат Құрмашевтің ағасы іздеу жұмыстары жайлы айтып, "үмітіміз үзіліп барады", деген еді.

Түнде Алмат Құрмашев Telegram арнасында "Біз одан айырылып қалдық" деп жазды.

Айта кетейік, Мирболат Құрмашев Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті болған. Жер сілкінісі кезінде ол әріптестері Әділ Қадырбеков, Сабина Мамадьярова және Құбылай Кескинмен бірге Хатай провинциясында болған. Жер сілкінісінен кейін олармен байланыс үзілді.

Кейін із-түзсіз жоғалған жігіттің ағасы 8 ақпанға қараған түні бірнеше адам болып бауырын іздеуге аттанып бара жатқанын хабарлады. Сыртқы істер министрлігі де жағдайды біліп, іздеуге көмектесті.

8 ақпан күні жерлесіміз Сабина Мамадьярова табылып, үйінді астынан аман-есен шығарылды, қолы сынған.

Алмат Құрмашев ауық-ауық жағдайдан хабардар етіп, іздестіру жұмыстарына алып бетондар мүмкіндік бермей жатқанын, арнайы техникалар қажет екенін жазып, көмек сұрады.

10 ақпанға қараған түні Қазақстан Республикасының азаматы Әділ Қадырбеков пен Түркия азаматы Құбылай Кескиннің де өлі денесі табылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: