Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Бас консулдығы Түркияда оқып жүрген студенттерге үндеу жасады

студент, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2023 11:04 Сурет: pexels
ҚР Бас консулдығы Түркияда оқып жүрген студенттерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өздеріңізге белгілі болғандай, 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аймағында болған жер сілкінісі нәтижесінде жарақат алған азаматтардың саны өсіп келеді. Осыған байланысты Түркия президенті елдегі жоғарғы оқу орындары (ЖОО) дәрістерді онлайн нысанда жүзеге асыратындығын хабарлады. Сонымен қатар табиғи апатта жарақат алған азаматтарды уақытша тұрғылықты жермен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жатақханалар пайдаланылады.Түркия билігінің хабарландыруы жекеменшік пәтерде/жатақханада, жалға алынған пәтерде тұратын студенттерге қатысты емес екеніне, сонымен бірге Түркияда тұрып онлайн сабақты алуға болатындығына назар аударамыз. Қолғабыс және консультация алу үшін төмендегі байланыстарға хабарласуға болады", - делінген хабарламада.

Анкарадағы елшілік жауапты провиницялар: Анкара, Ушак, Афьон, Конья, Кютахья, Эскишехир, Биледжик, Болу, Аксарай, Невшехир, Ниде, Кыршехир, Кырккале, Чанкыры, Карабюк, Зонгулдак, Бартын, Кастамону, Чорум, Йозгат, Кайсери, Мараш, Османие, Хатай, Чорум, Синоп, Амасья, Самсун, Токат, Орду, Сивас, Малатья, Адыяман, Газиантеп, Килис, Шанлыурфа, Елазыг, Тунджели, Эрзинджан, Гиресун, Гюмюшхане, Трабзон, Байбурт, Бингөл, Диярбакыр, Мардин, Батман, Шырнак, Сиирт, Хаккари, Битлис, Ван, Муш, Агры, Эрзурум, Карс, Ыгдыр, Ризе, Артвин, Ардахан.

Байланыс нөмірлері:

  • Консул Темірлан Сайлауұлы - +90 538 880 70 41;
  • Үшінші хатшы Даурен Кубенов - +90 536 673 78 07;
  • Консулдың көмекшісі Алихан Нұрсеитов - +90 552 896 07 04;
  • Кезекші комендант - +90 312 491 91 00;

Электрон пошта: ankara@mfa.kz

Антальядағы Бас консулдық жауапты провинцялар: Анталья, Мугла, Денизли, Бурдур, Ыспарта, Караман, Мерсин.

Байланыс нөмірлері: 

  • Вице-консул Асем Байтишова - +90 553 941 42 75;
  • Сарапшы Жандос Ранов - +90 536 489 64 11;
  • Кезекші комендтант - +90 242 324 26 11;

Электрон пошта: antalya@mfa.kz

Стамбулдағы Бас консулдық жауапты провинцялар: Стамбул, Измир, Бурса, Сакарья, Текирдағ, Эдирне, Кыркларели, Коджаэли, Ялова, Дүзже, Чанаккале, Балыкесир, Маниса, Айдын.

Байланыс нөмірлері:

  • Консул Қанат Тұрыбаев - +90 541 116 53 86;
  • Консул Ертай Ерғалиұлы - +90 506 774 53 77;
  • Кезекші комендант - +90 212 662 53 47;

Электрон пошта: istanbul@mfa.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: