Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының агломерациясы қалай дамиды

Алматы, агломерация, Ұлттық экономика министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 10:42 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық экономика министрлігі Алматы агломерациясын дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы агломерациясын 2027 жылға дейін дамыту жөніндегі өңіраралық іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаты – қосылған құнның жаһандық тізбегіне енгізілген адами капитал деңгейі жоғары өңір ретінде агломерацияны қалыптастыру.

Алматы агломерациясын дамытудың қолданыстағы схемасына Есік қаласы және Еңбекшіқазақ ауданының 14 ауылдық округі, Жамбыл ауданының 6 ауылдық округі, Өтеген батыр кенті және Іле ауданының 8 ауылдық округі, Қаскелең қаласы және Қарасай ауданының 10 ауылдық округі, Талғар қаласы және Талғар ауданының 10 ауылдық округі, Қонаев қаласы кіреді Қонаев қалалық әкімшілігіне әкімшілік бағынысты 2 ауылдық округ, сондай-ақ жоспарланған Gate City қаласы кіреді.

Құжатта Алматы агломерациясын дамытудың негізгі проблемалық мәселелері ретінде елді мекендерді, Алматы агломерациясының жекелеген аумақтарын дамытудың диспропорциясы, көші-қон процестерімен және барлық әлеуметтік мәселелер бойынша тапшылықтың өсуімен қатар жүретін бірқатар себептер бойынша қолда бар ресурстарды (еңбек, жер, табиғи және т. б.) пайдаланудың тиімсіздігі, сондай-ақ реттеу мен басқарудың жергілікті институционалдық базасының болмауы аталған.

Бұл мәселелерді шешу үшін мынандай бағыттар бойынша бірқатар зерттеу жүргізу қажет болды:

  • көші-қон процестерін жалпы талдау (Алматы қаласы, Алматы облысы);
  • жер ресурстарын пайдаланудың жалпы талдауы (Алматы қаласының, Алматы облысының жылдары бойынша бөліністе);
  • халықты жұмыспен қамтудың бар-жоғын жалпы талдау (Алматы қаласы, Алматы облысы);
  • тұрғын үй қоры тапшылығының өсуін жалпы талдау (Алматы қаласы, Алматы облысы);
  • әлеуметтік инфрақұрылым объектілері (мектептер, балабақшалар, емханалар (Алматы қаласы, Алматы облысы) тапшылығының өсуін жалпы талдау;
  • инженерлік және көлік инфрақұрылымының жүктемесін жалпы талдау (Алматы қаласы, Алматы облысы);
  • сауда айналымы мен импортына жалпы талдау (Алматы қаласы, Алматы облысы);
  • азық-түлік қауіпсіздігі.

Алматы агломерациясы бәсекеге қабілетті экономикасы, өмірі мен қоршаған ортасының Жоғары сапасы бар, еларалық және экономикалық байланыстар жүйесіне интеграцияланған көпфункционалды өңір ретінде дамымақ.

Жобада бұл мақсатты шешу үшін мынадай даму векторларын шешу көзделген:

  • агломерацияны аумақтық дамыту;
  • адам әлеуетін дамыту;
  • қала маңы аймағы аумағында бірыңғай көліктік-логистикалық кешенді дамыту;
  • негізгі қаланың және агломерацияның шеткі аймағының инженерлік инфрақұрылымын кешенді дамыту;
  • бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту;
  • экологиялық тұрақтылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу;
  • агломерацияны дамытуды басқару.

Алматы агломерациясын дамытудың 2027 жылға дейінгі Кешенді жоспарын іске асыру нәтижесінде:

  • халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, Алматы агломерациясының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге;
  • бірыңғай сервис және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға;
  • Алматы қаласының экономикалық әлеуетін және Алматы агломерациясын дамытуды жүйелеуге;
  • гравитациялық орталықтарды спутниктік қалалар мен қала маңындағы аумақтарға ауыстыру жолымен ядро-қаланың тығыздалуын төмендету мүмкіндігіне;
  • экологиялық жағдайды жақсартуға;
  • жер, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға;
  • аумақтың экономикалық даму бағыттарын белгілеу арқылы адами капиталды арттыруға қол жеткізіледі.

Құжат 24 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: