Петропавлдағы төтенше жағдайдан кейін елдегі барлық мектептің қауіпсіздігі тексеріледі

Петропавл, мектеп, мектептегі қауіпсіздік, Оқу-ағарту министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 13:25 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның барлық мектебіндегі қауіпсіздік тексеріледі. Бұл жөнінде 13 ақпан күні Zakon.kz сайтына Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Бұл шешімді қабылдауға Петропавлда тоғызыншы сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып барғаны себеп болды. Ол үш баланы жарақаттады.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі министрдің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

Оның құрамына Балалардың құқығын қорғау комитетінің, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының өкілдері кірді.
Айта кету керек, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі орнатылған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептердегі қауіпсіздікті тексеру тапсырылды". Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: