Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды

Қазақстан, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, бірінші сыныпқа қабылдау, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 12:32 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды. Бұл жөнінде 2023 жылғы 1 тамыз күні Zakon.kz сайтына ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Ведомство құжат қабылдау төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілгенін еске салды.

"Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді", делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелді.

"Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы іске асырылды".ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Еліміздегі ірі мегаполистердің бірі – Алматы қаласында бірінші сыныпқа 25 мыңнан астам бала қабылданған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: