Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Первоклассники, первый класс, школьники, ученики младших классов, начальные классы, школа, 1 сентября, первое сентября, школьная линейка, День знаний, первый звонок, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2026 10:25 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжат тапсыру мерзімі өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Биылдан бастап бірінші сыныпқа құжат тапсыру мерзімдері қайта қарастырылды. Бұл өзгеріс құжат тапсыру процесін сапалы әрі тиімді ұйымдастыру мақсатында енгізілген. Бұған дейін құжаттар 1 сәуірден қабылданатын, бірақ дәл сол уақытта мектептерде сабақ процесі жүріп жататыны белгілі. Сол себепті кейде мектеп басшылығы, мұғалімдер және ақпараттық технологиялар саласының мамандары оқу процесімен қатар құжат қабылдау жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болып, процесс тиімді болмай жататын. Осыған байланысты биыл бірінші сыныпқа құжат тапсыру мерзімі өзгертілді: құжат қабылдау 27 мамыр сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі." Жұлдыз Сүлейменова

Министрліктің мәліметінше, жаңа мерзімдер ата-аналар мен болашақ бірінші сынып оқушылары үшін анағұрлым қолайлы болмақ.

"Қазіргі уақытта жүйе бірнеше рет тестілеуден өтуде. Сондай-ақ барлық ата-аналардың мүддесін ескеретін ыңғайлы кесте әзірленді. Қосымша ақпарат кейінірек ұсынылады", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру қағидаларына өзгерістер енгізілгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: