1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр: қай өңірлерде белсенділік жоғары

Первоклассники, первый класс, школьники, ученики младших классов, начальные классы, школа, 1 сентября, первое сентября, школьная линейка, День знаний, первый звонок, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2025 17:30 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр. ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде алты жасқа толған балалар қабылданады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініштерді қабылдау биыл бес ай бойы — 31 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады. Болжам бойынша, мектеп табалдырығын 370 мыңнан астам бала аттайды.

"Алғашқы үш күнде 24 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ең үлкен белсенділік Астана мен Түркістан облысында байқалып жатыр. Ата-аналардың шамамен 70%-ы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады", - деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті.

Өтінішті онлайн — eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы, сондай — ақ қағаз түрінде-тікелей мектепте беруге болады. Өтінімдер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: