Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау уақыты белгілі болды

Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініштер 2025 жылдың 1 сәуірінде қабылданады. Бұл туралы бүгін, 20 наурызда ҚР Білім министрлігі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствода құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасатынын түсіндірді.
ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір – 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
- ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
- №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
- өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Шетел азаматтары үшін:
- Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript