Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды

Президент Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 13:30 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Академия курсанттары алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы құтқарушы мамандардың жұмысының маңызына тоқталды.

"Халқымыздың амандығын және қауіпсіздігін сақтау – басты міндет әрі қастерлі парыз. Бұл – ең әуелі, құтқарушы мамандарға жүктелетін зор сенім, үлкен жауапкершілік. Құтқару қызметі – өте маңызды сала. Кейінгі кезде жер жүзінде төтенше оқиғалар жиілеп барады. Жұртымыз мұндай қауіп-қатерге әрдайым дайын болуы керек. Сондықтан осы салада қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі еліміз үшін өте маңызды", - деді президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, академия – еліміздегі кәсіби құтқарушылар даярлайтын бірден-бір оқу орны. Оны ширек ғасыр ішінде 6 мыңға жуық маман бітіріп шықты. Академия түлектері барлық облыста еңбек етіп жүр.

"Олар Отан алдындағы борышын адал атқарып келеді. Халқымызда «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Күзде еліміздің бірнеше аймағы алапат өрттен зардап шекті. Сын сағатта тұрғындарға алдымен құтқарушылар көмекке келді. Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты". Қасым-Жомарт Тоқаев

Азаматтық қорғау академиясы – төтенше жағдайлардан қорғау саласы бойынша маман даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.

Кейінгі уақытта 569 курсант күндізгі бөлімде, 161 курсант қашықтан оқу бөлімінде білім алып жатыр. Сонымен қатар 168 курсант шетелдің салалық жоғары оқу орындарында оқиды. Академия жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады.

Президенттің тапсырмасына сай биылдан бастап құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтеріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: