Жаңалықтар тізбегі
0

Қаржы министрлігі "Ұлттық қор – балаларға" жобасы қалай іске асырылатынын айтты

"Ұлттық қор -балаларға", ҚР Қарды министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 17:18 Сурет: Zakon.kz
14 ақпанда сенатта қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Дәурен Темірбеков Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, "Ұлттық қор – балаларға" жобасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірлегенін атап өтті.

Оның айтуынша, осы жоба бойынша ұсынылған тәсілдер әртүрлі алаңдарда, соның ішінде Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте және сарапшылар қауымдастығында талқылануда.
"Әзірленіп жатқан тетікке және болжамды есептеулерге сәйкес мыналар жоспарлануда. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балаларға бөлінеді. Белгілі бір уақыт кезеңіндегі инвестициялық кірістің ықтимал теріс мәндерін теңестіру үшін инвестициялық кіріс нормасын алдыңғы кезеңдердің орташа жылдық мәні негізінде анықтау жоспарланып отыр. Болжалды бағалауларға сәйкес, бұл тәсіл осы бағдарламаға туғаннан бастап қатысатын балаға 150-160 доллар көлемінде 18 жылдық төлем алуға мүмкіндік береді ".Дәурен Темірбеков
Оның сөзінше, бала 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалып, қаржы құралдарына салынады. Баланың жинақ ақшасының болжамды сомасы шамамен 3,5 мың доллар болуы мүмкін.

Вице-министр жоба операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады деп жоспарланып отырғанын атап өтті.
"Бала дүниеге келген кезде Әділет министрлігінің жеке тұлғалардың деректер базасы негізінде шот автоматты түрде ашылады. Жыл сайын 1 қаңтарда 18 жасқа дейін шоттарға қаражат шартты түрде түседі. Шотта жинақталған қаражатты тек 18 жаста пайдалануға болады. Жобаға қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын балалар болады. Сондай-ақ шоттардағы қаражатты салықтан босату ұсынылып отыр. 18 жасқа толғанда шоттағы төлемдерді доллармен беруді ұсынамыз". Дәурен Темірбеков

Ол 18 жасқа толған кезде бұл қаражат баланың меншігінде болатынын, ол оны оқуға немесе баспана сатып алуға пайдалануды өз бетінше шешуі керек екенін атап өтті.

Бұл ретте шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге қаражатты пайдалануды шектемеу жоспарланған.

Ал тұрғын үй сатып алу үшін қаражатты тек Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл қаражатқа сатып алынған тұрғын үйлерді қайта сатуға шектеу қойылмайды.

Сондай-ақ мынандай талаптар ұсынылып отыр:

  • Егер 18 жасқа толмаған бала елден шығып, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, онда төлемдерді талап ету құқығы жойылады. Бұл ретте жинақталған қаражат барлық балалар арасында қайта бөлінеді;
  • 18 жасқа толмаған бала азаматтығын өзгертпей елден кетсе, төлемдерді талап ету құқығы сақталады;
  • 18 жасқа толғанда шоттағы қаражат 5-10 жыл сақталады. 5-10 жыл ішінде қаражат талап етілмесе, шоттағы қаражатты зейнетақы шотына аудару ұсынылды;
  • Азаматтық занамаға сейкес нақты жинақталған қаражатты мұрагерлік жолмен беру мүмкіндігі қарастырылған;
  • Бала әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, қаражатты пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ата-аналарға, қорғаншыларға беріледі.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: