Балаларға арналған ұлттық қор: ақшаны неге жұмсауға болады
Дәурен Темірбеков "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасын жүзеге асыру үшін заңнамалық түзетулер қабылданғанын хабарлады. Енді заңға тәуелді актілерді қабылдау ғана қалды.
"Екі заңға тәуелді актілер қабылданады. Ол – Индустрия және құрылыс министрлігінің тұрғын үйді абаттандыруға қатысты бұйрығы және Ғылым және жоғары білім министрлігінің Оқу-ағарту министрлігімен білім беру саласына қатысты бірлескен бұйрығы. Олар әлі қабылданған жоқ, 2023 жылдың соңына дейін қабылданады", - деді вице-министр.
Дәурен Темірбековтің айтуынша, жоба аясында алынған қаражатты жоғары оқу орындары мен колледждерде оқытуға пайдалануға болады.
"Заңнамалық түзетулер аясында (ақшаны. – Ред.) кадрларды даярлауға, жоғары білім ғана емес, орта арнаулы білім алуға да, колледжде оқуға да пайдалануға болады. Онда барлығы анық жазылған. Курс оқуға пайдаланылмайды. Ақшаны алып, қысқа мерзімді курстар үшін пайдалану мүмкін емес", - деді спикер.
Журналистер "Тұрмыс жағдайын жақсарту мүмкіндігін пайдалану үшін "Отбасы банкінен" шот ашуға тура келмей ме?" деп сұрады.
"Отбасы банкіне келсек, ол – екінші деңгейлі банктермен және Қазпоштамен қатар уәкілетті операторлардың бірі. Мұнда бәрі "Отбасы банкі" арқылы өтуі керек деген нәрсе жоқ. Әр 18 жасқа келген жасөспірім ерекшелікті және шот қай банкте ашылады, оны өзі таңдайды. "Отбасы банкінің" ерекшелігі тұрғын үй жинақ шоты болғаны және егер бала 18 жастан кейін бұл қаражатты одан әрі жинақтау қажет деп тапса, онда ол тұрғын үй жинақ шотын ашуға құқылы. Бірақ қаражатты шотқа салып, оны "Отбасы банкіне" беріңіз деген ешқандай шектеу қойылған жоқ", - деп түсіндірді Дәурен Темірбеков.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасы бойынша жұмыс істегісі келетін банктер тиісті келісімге қол қойып, БЖЗҚ қызметтерімен интеграцияланатынын айтты.
"Біз барлық банкімен жұмыс істеуге дайынбыз. Қазір "Қазпоштадан" басқа, тоғыз банк бізбен жұмыс істеуге ниет білдірді. Салымшы іс жүзінде өзіне қолайлы банкті таңдай алады. Ол қазірдің өзінде бар. Осы банктердің бірімен жұмыс болады, яғни бұл тек "Отбасы банкі" ғана емес, осы бағдарлама бойынша жұмыс істегісі келетін кез келген банк болады", - деді вице-министр.
Бұған дейін Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасы бойынша алғашқы төлемдер қашан түсетінін айтқан еді.