Рыбакина Дубайдағы WTA турнирінің келесі кезеңіне қиындықсыз өтті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші айналымында чехиялық Мария Боузкованы жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылып, 6-3, 6-4 есебімен аяқталды.
Келесі айналымда Елена Рыбакина америкалық теннисші Коко Гауффпен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін Юлия Путинцева дәл осы турнирдің екінші айналымында жеңіліп қалғанын хабарлаған едік.
Бөлісу
0
Толық оқу