Энергетика министрі Каспий құбыр консорциумында мұнай жөнелту жұмысы неліктен тоқтап тұрғанын түсіндірді

Каспий құбыр консорциумы, мұнай, ҚР Энергетика министрлігі Сурет: Telegram/caspian_pipeline
22 ақпанда үкімет кулуарында Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Болат Ақшолақов Қара теңізде дауыл тұрғанын еске салды.
"Ауа райына қатысты қиындық туып тұр, кеше құрғақ жүк таситын кемеге не болғанын көрдіңіз, мұндай жағдайда жүкті түсіруге болмайды, қауіпті. Бейсенбі күні синоптиктердің болжамынша, шамамен сағат 16.00-де ауа райы дұрысталуы керек, сол кезде  танкерлер айдынға кіріп, жүк тиеуге тұра алады деп күтіп отырмыз. Өндіруді тоқтатпау үшін әзірге резервуарлар паркінде жұмыс істеп жатырмыз. Жүк жөнелту ауа райы жағдайына байланысты тоқтатылды". Болат Ақшолақов

19 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты КҚК-да мұнай тасымалдау тоқтатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз