Энергетика министрі Қашағандағы мұнай өндірісі неліктен төмендегенін түсіндірді

мұнай бұрғылау, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2022 13:06 Сурет: pixabay
Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қашағанда мұнай өндіру көлемінің төмендеу себептерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болат Ақшолақов Қашағанда мұнай өндіру 8,7 млн ​​тонна немесе биылғы жоспардың 83%-ына тең болғанын мәлімдеді.

Төмендеу тамыз айында "Болашақ" зауытындағы газды бөлу қондырғысының істен шығуына байланысты болды. Қазір кен орны өз қуатының жартысына дейін жұмыс істеп тұр.ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Министр бүгінде оператор өндіріс деңгейін тезірек қалпына келтіру үшін жөндеу жүргізіп жатқанын қоса кетті.

2 тамызда Қарабатан зауытындағы лай ұстағышқа апаратын 12 құбырда газдың ағып кеткені байқалған еді. Құбырлардың бірі жарылған болып шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: