Жаңалықтар тізбегі
0

Сұйытылған мұнай газының литрі 50-75 теңге аралығында болады – Энергетика министрлігі

Сұйытылған газ бағасы, автогаз, Энергетика министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2022 15:12 Сурет: kaztranzgaz.kz
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында сұйытылған мұнай газының литрі үшін 50-75 теңге диапазонында бөлшек сауда бағасы бекітілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Сұйытылған газ нарығындағы жағдайды толық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мынадай жедел шаралар қабылданды. Сұйытылған мұнай газына уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді және литр үшін 50-75 теңге диапазонында бөлшек сауда бағасы бекітілді.ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Сонымен қатар, министр саладағы түсініксіздіктерді реттеу үшін ведомствоның екі маңызды бұйрығы бекітілгенін айтты.

Бірінші, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін сауда-саттық қағидаларын тоқтата тұру бойынша бұйрық әзірленеді, оған сәйкес Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс өткізетін болады. Екінші, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бекіткен бөлшек саудадағы шекті бағаларға сәйкес келтіру үшін сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын төмендету жөніндегі бұйрық әзірленеді.ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Сондай-ақ, Болат Ақшолақов бүгінгі күні электрондық сауда алаңдарынан тыс ішкі нарыққа сұйытылған газды жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізу бойынша бұйрық әзірленгенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: