Таразда тапа-тал түсте банк қызметкеріне шабуыл жасады

Таразда банк қызметкеріне шабуыл жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2023 22:22 Сурет: видео скрині
Таразда тапа-тал түсте банк қызметкеріне шаубыл жасалды. Күдіктілер тонауға оқталғанымен, ақшаны алып кете алмады. Өйткені куәгерлер араша түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шағын несие беру мекемесінің қызметкері жұмысынан шығып сауда нысанына кірген. Сол сәтте оған белгісіз берулер тап береді.

КТК телеарнасының хабарлауынша, күдіктілер оны темірмен төпелеп, қолындағы ақша толы сөмкесіне жармасқан. Алайда қаражатын алып кете алмады. Өйткені жанжалды көрген куәгерлер жәбірленушіге араша түскен.

Күдіктілер сол кезде сытылып үлгергенімен, алысқа ұзай қоймады. Тәртіп сақшылары 30 және 22 жастағы Тараз бен Алматы тұрғынын қамауға алды.

Ал сөмкеде қанша ақша болғаны сол күйі айтылмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: