"Жатақхана алдынан әкеткен". Шымкентте тапа-тал түсте қыз алып қашқандар тұтылды
Сурет: видеодан алынды
Telegram-да тараған видео астында "Шымкент қаласы, жатақхана" деп сипаттама берілген. Қазіргі уақытта қызды алып қашқандардың жеке басы анықталды, ал бойжеткен күйеуге тигісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеодан күн жарықта көшеде бірнеше жігіт қызды көлік салонына күштеп отырғызып жатқанын көруге болады. Қыз жылап, айғайласа да сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар көмекке еш асықпайды. Бір уақытта қызды салып алған көлік жүріп кетеді. Telegram-да тараған бұл видео астында "Шымкент қаласы, жатақхана" деп сипаттама берілген.
Аталған оқиғаға қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті түсініктеме берді. Белгілі болғандай, Түркістан облысының тұрғыны үйлену мақсатында студент қызды ұрлап қашқан. Жәбірленушінің өзі үйленуден бас тартты және ешқандай талаптары жоқ. Соған қарамастан, Шымкент полициясы ҚР ҚК-нің 125-бабы - "Адам ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары қолға алынды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript