Жаңалықтар тізбегі
0

Тәжікстанда магнитудасы 7,0-ге тең жер сілкінісі болды, жерасты дүмпуі Алматыда да сезілді

Жер сілкінісі, Тәжікстан, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 09:18 Сурет: Zakon.kz
Тәжікстанның Қытаймен шекаралас аумағында жерасты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкінісі 23 ақпан күні Алматы уақыты бойынша 06:37-де тіркелді. Сейсмологтардың мәліметінше, магнитудасы 7,0-тең болды. Алматыда жер асты дүмпулері 2-3 баллда сезілді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан", – делінген қазақстандық сейсмологтар таратқан хабарламада.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 16.0.
  • MPV магнитудасы:  7.0.
  • Тереңдігі: 20 км.
  • Сезілгені жөніндегі ақпарат (МСК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2-3 балл.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, патрульдік бағыттар бойынша визуал "ештеңе байқалмады", жағдай тұрақты. "112" және "101" желілеріне тұрғындардан қоңыраулар түскен жоқ.

"Қазселденқорғау" ММ мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда деформация, шөгу және сызаттар анықталған жоқ". Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті

22 ақпан күні Алматы уақыты бойынша сағат 16:25-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 439 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

21 ақпан күні Иранда жер сілкінді. Жерасты дүмпуі Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласының солтүстік-батысында тіркелді.

21 ақпан күні Сириямен шекаралас Түркияның Хатай провинциясында тағы да жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы 6,4 болды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: