23 ақпандағы саудада доллар қымбаттай түсті

Доллар, теңге, рубль, юань, еуро, мұнай Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,36 теңгеге көтеріліп, 449,22 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 65,31 теңге (+0,65) болды.

Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 475 теңге, рубль бағамын 5,96 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 449-452 теңге, еуро – 475-481 теңге, ресей рублі – 5,85-6,1 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал 23 ақпандағы саудада әлемдік мұнай бағасы да көтерілді.

Мәселен, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 0,5%-ға өсіп, 81,01 доллар болды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз