Алматыда полицейлер алты ғимаратты қоршауға алды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 23 ақпанда алты ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы шұғыл байланыс желісіне хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта қаланың шұғыл қызметтері жарылғыш құрылғылар туралы хабарламаларға қатысты алғашқы ден қою шаралары аясында жұмысқа кірісті.
Қазіргі уақытта нысандар тексеріліп жатыр.
Алматы ПД-да атап өткендей, аталған нысандардың бірі – Қазақстан-Британ техникалық университетін тексеру кезінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады.
Қалған бес нысан әлі тексеріліп жатыр. Оған сапер бөлімшелері мен басқа да мамандар жұмылдырылды.
Полиция азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға және жәрдем көрсетуге шақырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript