Павлодарда мектепке жарылғыш зат қойылғаны хабарланған
Сурет: polisia.kz
7 сәуірде Павлодар қаласының №34 мектебінің электронды поштасына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД атап өткендей, оқиға орнына жедел қызмет мамандары жұмыс істеуде.
"Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, жан-жақтың барлығы тексерілді. Тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады", делінген ведомство хабарламасында.
Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік барын ескертеді, ол үшін ҚР ҚК-нің 273-бабында жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript