Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандылық әйел ​​патрульдік көлікте босанды

Қарағандылық әйел ​​патрульдік көлікте босанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 15:10 Сурет: видеодан скриншот
23 ақпанда Қарағанды ​​қалалық ІІБ патрульдік полиция полкінің жасағы – инспекторлар Медет Төлегенов пен Берік Кеңесов Жаңа-Майқұдық секторында қоғамдық тәртіпті бақылау үшін қызметте болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медет Төлегеновтың айтуынша, ол серіктесімен үйдің кіреберісінде тұрғанда оларға ер адам жақындап, көмек сұраған.

"Ер адам жүкті әйелін арнайы көлікпен фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізуді өтінді. Әйелдің суы кеткен, босанайын деп тұр. Біз дереу әйелді алдыңғы жолаушы орындығына, ал жолдасын артқы жағына мінгіздік. Бір кезде әйел толғағы басталғанын айтып, тоқтауды өтінді", — деді инспектор.

Полицейлер жағдайды бірден түсініп, әйелге медицина көмегін көрсеткен. Біраз уақыттан кейін қызметтік көліктің салонында жүкті әйел аман-есен қызды дүниеге әкелді. Сосын патруль қызметкерлері анасын жаңа туған нәрестемен бірге акушерлік-гинекологиялық орталықтың қабылдау бөліміне жеткізіп, дәрігерлерге тапсырған.

Медицина мекемесінің қызметкерлері полицияға жедел әрекет еткені үшін алғысын білдірді.

2022 жылдың 7 қыркүйегінде Алматы облысында Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдік көлікте босанған әйелді сәбиімен Қаскелеңдегі медицина мекемесіне жеткізгені хабарланған еді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: