Жаңалықтар тізбегі
0

Darkhan Juzz лақап атымен танымал музыкант қайтыс болды

Darkhan Juzz лақапатымен танылған музыкант қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 15:22 Сурет: Instagram/d.juzz
Әнші Дархан Жүнісбеков (Darkhan Juzz) қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ерлан Қарин Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Қаралы хабар естігенде төбемізден жай түскендей болдық. Дарынды әнші Darkhan Juzz Дархан Жүнісбеков өмірден өтіпті. Дархан - қазіргі заманғы қазақ музыкасының жарқын өкілі еді. Жарқырап жанып келе жатқан жұлдыздың мезгілсіз ағып түскені қабырғамызды қайыстырды. Еліне бергенінен берері көп, қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосатын азамат болатын. Амал нешік, ажал оны арамыздан ерте алып кетті. Алдың жарық, топырағың торқа болсын, Дархан! Сенің жарқын бейнең өнеріңді қадірлейтін жұрттың жүрегінде мәңгі сақталады!", - деп жазды Ерлан Қарин.


Дархан Жүнісбеков - көпке Darkhan Juzz деген атпен танылған әнші, "Үйде", "Сапар", "Шекер", "Кейіпкер" әндерінің авторы әрі орындаушысы. Сонымен қатар ол рэп орындаған, дыбыс продюсері де болды. Оның инди-поп жанрында шығарған әндері ерекше жаңа стиль алып келген еді.

Әнші 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген.

Zakon.kz редакциясы Дархан Жүнісбековтің туған туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: