Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Халқы партиясы Арман Шораевтың үстінен Бас прокуратураға арыздануы мүмкін

Мәжіліс сайлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 21:50 Сурет: видеодан алынды
Қазақстан Халқы партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев сайлауға түсіп жатқан Арман Шораевтан желідегі парақшасынан өз партиясы туралы жазбаны жойып, ресми түрде кешірім сұрауды талап етті. Егер бұл талабы орындалмаса, ол Бас прокуратураға шағымданатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша Мәжіліс депутаттығына өз-өзін ұсынған кандидаттардың бірі Арман Шораев Facebook-тегі парақшасында Қазақстан Халық партиясы өкілдерінің суретін жүктеп, қысқаша жазба жариялаған болатын.


Қазақстан Халық партиясы блогердің мұндай ерсі қылықтарын назардан тыс қалдырмауға ниетті әрі оған заң аясында жауап беруді талап етпекші. 

"Біздің партияға шабуылдау әрекеттері жалғасуда. Сондағысы - сайлаушыларымыздың алдында бізді қаралап, төмендетпекші. Бұл біздің партиямыздың халықтың тарапынан қолдауға ие екенін анық байқатады. Бұл жолы депутаттыққа Астана қаласы бойынша өз-өзін ұсынушылардың бірі Арман Шораев бізді шалып қалуға тырысты. Ол өз парақшасында біздің партия мүшелерінің суретін жүктеп: "Бұл сатқындарға дауыс бермеу керек" деп жазған. Бұл жазбаны көзге ілмей, елемей-ақ қоюға да болар еді. Алайда бұл жолғы шабуыл бүтін партияға бағытталып, онда да нағыз саяси науқанның қызу шағында жасалып отыр. Бұл ашықтан ашық бізге деген сенімді жоюға бағытталған іс-әрекет", - дейді Ермұхамет Ертісбаев.

Оның айтуынша, блогер сауатты адам ретінде заңды жақсы білуі тиіс.

"Ол өзінің мұндай әрекетіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 104-бабында жауапкершілік қарастырылғанын жақсы білуі тиіс. Егер сот бір кандидаттың екіншісінің ар-абыройына нұқсан келтіретін жалған ақпарат тарату фактісін анықтап, растаса, онда ҚР Конституциясының "ҚР-дағы сайлау туралы" заңының 89-бабында аймақтық сайлау комиссиясы оны саяси додадан шеттетуі тиіс болады. Сондықтан Арман Шораевтан желідегі парақшасындағы масқара жазбаны жоюды талап етемін. Содан кейін халық алдында ресми түрде кешірім сұрасын. Егер Шораев кешірім сұрағаны туралы жазба жарияламаса, онда біздің партия өз құқығын қорғауды құқықтық алаңда талап ететін болады", - дейді саясаткер.

Айта кетсек, 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: