Түркияның орталық бөлігінде 4,3 балдық жер сілкінісі болды

Төтенше жағдай Сурет: Indiana university
Түркияның орталық бөлігіндегі Кония провинциясында 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы түріктің Төтенше жағдайлар салдарын жою басқармасы (AFAD) ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер асты дүмпулері 24 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 17: 01 тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Эрегли ауданында 7 шақырым тереңдіктен тіркелді, деп хабарлады "Анадолы".

Кония әкімшілігінің Twitter-дегі хабарламасына сүйенсек, құрбандар мен қирандылар тіркелмеген.

Айта кетсек,  6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Түркия мен Сирияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 50 000-нан асады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз