Жаңалықтар тізбегі
0

Серік Сәпиевті ыңғайсыз жағдайға қалдырған оқиғаға қатысты жаттықтырушы түсініктеме берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2023 16:57 Сурет: видеодан алынды
Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің Алматыда өтіп жатқан Nаize 49 турнирі аясындағы Batyrball ойыны барысында ыңғайсыз жайтқа тап болғанын алдында жазған болатынбыз. Осы жайтқа қатысты жаттықтырушы Александр Гольцман түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиғаға қатысты жаттықтырушы түсініктемесінің видеосы Артем Резниковтың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Серік ағаймен арада ыңғайсыз жағдай орын алды. Ол арадағы менің залымдағы бала. Зелимхан Мусиханов маған жаттығуға алыстан келеді. Ол Серік Сәпиевтің Олимпиада чемпионы екенін білмей қалыпты. Оған өзім таң қалдым. Кішкентай балалармен жұмыс істеймін. Содан да болар, мен де ашуға бой алдырып қойдым. Артынан Серік ағайды күтіп, қасына барып, сөйлестім. "Ренжімеңіз", - дедім. Ол кісі де: "Эмоцияға берілгенде бәрі де болады, ешқандай айып жоқ" деп айтты. "Бізден де қателік кетсе ренжімеңіз" деп жағдайды түсіндірдім. Қол алысып, жақсы тарқастық. Тек осыны БАҚ алаулатып, жалаулатып жатқаны, өкінішті. Сондықтан өз аузымнан естісін дедім", - дейді видеода ол.


Айта кетсек, бұл ойында Сапиев мүшесі болып табылатын Karagandy Sport Academy командасы жеңіске жетті. Ыңғайсыз сәттің видеосы мына сілтемеде.

Batyrball  – Қазақстанда ойлап табылған бірегей спорт түрі. Ол баскетбол мен күрес элементтерін араластырады. Сонымен, шайқас сегізбұрышында сақина орнатылып, үш адамнан екі команда ойнайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: