Серік Сәпиевті ыңғайсыз жағдайға қалдырған спортшы қазақ жұртынан кешірім сұрады
Сурет: видеодан скриншот
Sever-Yug командасының мүшесі Зелимхан Мусиханов пен оның бапкері Александр Гольцман Batyrball ойынында (күрес пен баскетбол қоспасы) бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесе жаздағаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зелимхан Мусиханов эмоция үстінде жасаған дөрекі әрекеті үшін кешірім сұрады.
"Құрметті қазақстандықтар, ол әрекетім үшін кешірім сұраймын. Мен ережені бұзып, қателестім, сонан соң ойында эмоциямды ұстай алмадым. Серік Сәпиев – халқымыздың мақтанышы. Менің эмоция үстінде жасаған ақымақ қылығым үшін кешіріңіздер". Зелимхан Мусиханов
Бапкер Александр Гольцман да қазақ елінен кешірім сұрады.
"Құрметті қазақстандықтар, кеше шәкіртім ыңғайсыз жағдайға қалды, мен де эмоцияға беріліп, артық сөздер айттым. Менікі жөн болмады, сондықтан шәкіртім екеуміз жасаған барлық әрекеттеріміз үшін кешірім сұраймын. Бәріміз батырымыз, Олимпиада чемпионаны қарап бой түзейміз. Барлық спортшы және мен Серік ағаны спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметтейміз ", – деді ол.
Олар жағдайдың бұлай белең алғанын қаламағанын атап өтті.
"Біз жағдайдың бұлай болғанын қаламадық. Барлығына өзіміз кінәліміз. Болған жағдай үшін кешіріңіздер". Александр Гольцман
26 ақпан күні Алматыда Batyrball ойынында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ыңғайсыз жайтқа тап болды. Осы ойын барысында "Север-Юг" командасының мүшесі, бұрынғы боксшы Сәпиевке қарсы күрес қимылы жасалып, арты төбелеске ұласып кете жаздады. Алайда матч аяқталған соң тараптар киім ауыстыратын бөлмеде бір-бірімен қол алысқанда, өзара келіспеушіліктер айтылып, арты бейбіт-ымырамен аяқталды.
Артынша Sever-Yug командасының мүшесі Зелимхан Мусихановтың бапкері Александр Гольцман түсініктеме берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript