Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы туристер арасында ең танымал 5 көрікті жер

ҚР Мәдениет жіне спорт министрлігі, Бурабай, турист, туризм, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 10:04 Сурет: Zakon.kz
2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келді. Ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саяхатшылар еліміздің қандай көрікті жерлерінде демалып, қайда барады? Бұл сұраққа Мәдениет және спорт министрлігінің мамандары жауап берді.

1.Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағы

Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша, 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алды.

Өткен жылы Іле-Алатаудың табиғатын 628 мың турист тамашалаған.

2. Бурабай

Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында.

Көкшенің көз тоймас көрікті жерлерінде 550 мыңнан астам адам қыдырып келіпті.

3.Көлсай көлдері

Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие.

Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады.

4. Баянауыл

Баянауылға бару бүгінге ел ішінде сәнге айналып келеді.

Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалыпты.

5. Шарын шатқалы

Шалғай жатқанына қарамастан, Шарын шатқалы – саяхатшылар көруге құмартатын еліміздегі көрікті орындардың бірі.

Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған.




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: