Алматы – Қазақстандағы туристер ең көп келетін қала
Сурет: Zakon.kz
Пандемиядан кейін туризм саласы қалпына келіп жатыр. Қазақстанға келген әрбір екінші шетелдік турист Алматыға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейінгі бір жылда туристер саны 65%-ға өсіп, 1,2 миллионға жетті. Бұл республикалық көрсеткіштің бестен бір бөлігін құрайды – 5,4 миллион адам. 2025 жылға қарай 2,3 миллион турист тарту жоспарланып отыр.Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Туризм саласында өткен жылы қызмет көрсету көлемі 27,9 млрд теңге болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 66%-ға артық. Сонымен қатар туризм саласына 46,3 % өсіммен 100,7 млрд теңге инвестиция құйылды.
Туристік өнімді дамыту бойынша ірі жобаларды, отандық туристік маршруттарды ілгерілету бойынша имидждік науқанды іске қосу жоспарланып отыр. Туризм экономикамыздың құрылымында толыққанды қаржылық тиімді салаға айналады.Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript