Ресейден Қазақстанға келетін мамандардың жұмысқа орналасуына шектеу қойылмайды
Сурет: unsplash
Қазақстанға Ресейден келетін мамандардың жұмысқа орналасуына шектеу қойылмайды, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов сенатта өткен жиында, деп хабарлайды Zakon.kz.
Егер геосаяси жағдайға байланысты ықтимал көші-қон үрдісі туралы айтатын болсақ, ЕАЭО форматында біздің еңбек нарығымыз ашық екенін тағы да айтамын. Сондықтан бұл жерде келісім бойынша шектеу шаралары қабылданбайды, бірақ бұл біз қадағалап, кадрдағы жергілікті қамтуды арттыру шараларын қабылдамаймыз деген сөз емес. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов
Еуразиялық комиссияның 2021 жылға арналған мәліметтері бойынша: Ресей Федерациясында 70 мың қазақстандық, Қазақстанда 20 мыңға жуық ресейлік жұмыс істейді.
Вице-министрдің айтуынша, ведомство Қазақстан азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аударады.
Бүгінгі таңда, өкінішке орай, бізде жұмыс күшінің жұмысқа қабілеттілігіне қатысты бірқатар мәселелер бар. Біздің түлектеріміздің 40 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. 70 мың түлек жұмыссыз қалып отыр. Жоғары білімді жастардың 23 пайызы біліктілігі төмен жұмыс орындарында жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылғандардың 17% мүлде білімі жоқ. Бұл деректер бізге немен жұмыс істеу керектігін көрсетеді. Еңбекке қабілетті азаматтардың біліктілігін арттыруға, жұмыспен қамтуға және жағдайды жеңілдетуге баса назар аударылатын болады. Ақмәди Сарбасов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript