Санкт-Петербургте әуе кеңістігі жабылды

Ауадағы белгісіз нысанға байланысты Санкт-Петербургте "кілем" сигналы енгізілді. Пулково әуежайы ұшақтар қабылдап жатқан жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Flight Radar мәліметінше, азаматтық ұшақтар Санкт-Петербургке жақындап жатқан жоқ.
Сервис картасы Пулково әуежайында екі азаматтық рейс күту режимінде тұрғанын көрсетті. Мәскеуден Санкт-Петербургке бет алған ұшақ кері бұрылды.
Қала көгіне жойғыштар ұшырылды.
"Кілем" сигналы шекараны заңсыз кесіп өту немесе беймәлім ұшатын нысан байқалған кезде беріледі.
Бөлісу
0
Толық оқу