Қаржы вице-министрі несие мәселесін банкпен шешіп алмастан, банкроттыққа арыз беруге асықпауға шақырды
Сурет: pixabay
Несиелер мен шағын несиелерді төлеуде қиындықтар болса, банкроттық туралы арыз беруге бола ма? Бұл сұрақ қаржы вице-министрі Ержан Біржановтің қатысуымен өткен онлайн конференцияда қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржы вице-министрі егер қиындық болса, "банкрот болам" деген ойдан қайту керек екенін айтты. Себебі қазір пайыздық үстемеге байланысты немесебасқа да қиыншылық болса, мәселені бірінші банк арқылы шешу керек.
"Банкте мәселе шешілмесе, 12 ай бойы төлем төленбесе ғана банкроттыққа жүгіне алады. Қазір халық арасында банкке төлемді төлемей, банкрот болайық деген де түсінік бар. Әлеуметтік желілерде қызмет көрсететін компаниялар пайда болды.Оған халық ермеуі керек. Өйткені ол – алдамшы процесс. Барлық сұрақ өкілетті орган – Кірістер комитеті арқылы ғана шешілуі керек және бұл процедура тегін екенін ескертеміз".Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов
Оның сөзінше, қиындық туса, біріншеден, қарыз берген банкке жолығу керек. Мәселе шешілмесе, 12 ай өткеннен кейін ғана банкроттыққа арыз беруге болады.
Егер іс сотқа өтіп кетіп, мәселе сот шеңберінде қаралып жатса, ол адамның құқығы шектелмеген, банкроттыққа арыз бере алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript