Жеке тұлғаның банкроттығына арыз берушілер мемлекеттік баж төлейді
Сурет: Zakon.kz
Банкроттық және төлем қабілетін қалпына келтіру туралы сотқа арыз бергені үшін азаматқа мемлекеттік баж қарастырылған. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазір баж қарастырылған. Оның мөлшері - 0,3 АЕК. Қарапайым тілде айтқанда 1000 теңге шамасында", - деді Қаржы вице-министрі.
Сонымен қатар ол заңды тұлғаларды банкрот деп тану және төлем қабілетін қалпына келтіру туралы арыздарды азаматтық сот қарайтынын айтты.
"Арыздарды азаматтың тұрғылықты жеріне байланысты аудандық сот арқылы азаматтық сот қарайды." Ержан Біржанов
Конференция барысында вице-министрден "Жеке тұлғалардың банкроттық туралы істері қандай өндіріске енгізілгені сұралды. Ержан Біржанов жеке азаматтардың банкроттығы жайлы арыздар жалпы тәртіпте жүргізілетінін айтты. Ол "Өзгерістер жоқ" деп атап өтті
Еске салайық, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Параграф» ақпараттық жүйесі жеке тұлғалардың банкроттығы туралы онлайн конференция өткізген еді. Онда Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банкроттығы бар жеке тұлға шетелге шыға алатын-алмайтыны туралы да айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript