Жаңалықтар тізбегі
0

Банк маманы борышкердің банкроттық жөніндегі өтінімін қабылдаудан бас тартқан жағдайда қайда жүгінуге болады

Банкроттық туралы заң, банк қызметкері, арыз, Қаржы министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2023 14:12 Сурет: pexels
1 наурыз күні "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы" заңды түсіндіру барысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банкроттық жөніндегі өтінім қабылданбағанжағдайда қайда жүгінуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онлайн конференция кезінде қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа заңнан борышкерге қойлатын банкке бару талабын алып тастау жөнінде сұрақ қойылды. 

"Көптеген азамат сотқа дейінгі реттілікті сақтау үшін банкке барып жатыр. Бірақ банктер борышкердің өтінішін қабылдаудан бас тартуда. Мұндай жағдайда банк қызметкерінің бас тартып жатқанын бейнежазбаға түсіріп алса, сол дәлел ретінде қабылдана ала ма? Көп борышкер қарызының нақты сомасын, қай кезде, қай банктен алғанын нақты білмей жатыр, сондықтан егер уәкілетті орган несие тарихына қол жеткізе алса, неге банктерге бару талабын алып тастамайды?", – делінген вице-министрге жолданған сұрақта.

Вице-министрдің сөзінше, егер бұл талапты заңнан алынып тасталса, бұл несиелік рақымшылық процесіне жақындауы мүмкін.

"Кезінде банк пен борышкер екеуі келісімшарт жасады. Екеуінің жауапкершілігі бар. Талапқа сай келмесе, екеуі мендетті түрде сотқа дейінгі немесе банкроттыққа дейінгі реттеу процесстерін жүргізуі керек".Ержан Біржанов

Оның айтуынша, норма алынып тасталса, кредит институты жойылуы мүмкін.

"Мұндай норма болмаса, қарапайым халыққа кредит алу қиындап кетуі мүмкін. Банктер қауіпсіздік шараларын ескере отыра, жоғары талаптар қоюы мүмкін. Сондықтан кредитті алу да жауапкершілік және оны төлеу немесе банкроттыққа беру нақты ойланған қадам болуға тиіс. Бұл рақымшылық емес, соны ескеруіміз керек". Ержан Біржанов

Спикер сондай-ақ банк қызметкері арызды қабылдаудан бас тартса, қаржы нарығын қадағалайтын Агенттікке шағымдануға болатынын атап өтті. 



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: