Төлем қабілетін қалпына келтіру кезінде борышкердің міндетті түрде мүлкі болуы шарт па: вице-министрдің жауабы
Заңда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің үш түрі қарастырылған: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілетін қалпына келтіру.
Барлық үш рәсімді тек борышкер бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.
Конференция барысында Қаржы вице-министріне төлем қабілетін қалпына келтіру кезінде борышкердің міндетті түрде мүлкі болуы шарт па? деген сұрақ қойылды.
Ержан Біржановтың мәліметінше, бұған 2 жағдай бар. Бірінші процедурамен өтетін болсақ, соттан тыс, онда мүлкі жоқ азаматтарды қарастыру.
Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.
Мүліктері болмаса да осы процесті қолдануға құқылы. Бірақ міндетті түрде тұрақты табысы болуы керек. Табысы болса біз оны бекіту арқылы, сот арқылы іске асырамыз. Мүліктің болуы шарт емес. Ержан Біржанов
Яғни төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады. Сауықтыру жоспарын қаржыны бақарушымен бірлесіп әзірленеді, оны сот бекітеді.
Бұл процедураның артықшылығы, кейін берешек адам "банкрот" деген мәртебе алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.Мүлкі болса, екінші процедурамен емес, яғни ипотекасы болса үшінші процедураға өтеді. Қалпына келтіру рәсімін өтеді. Нақты ипотекалық сұрақтарды жабу үшін қолданылған мәселе.