Жаңалықтар тізбегі
0

Дүниежүзіндегі ең арзан нанның бірі Қазақстанда екен

нан, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2023 23:14 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан ең арзан наны бар бес елдің қатарына кірді. Сарапшылар Қазақстан нанын 0,36 доллар деп есептеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Қазақстанның өзінде нан бір жылда 19% қымбаттаған. Қаңтар айында наубайханалар 42 жарым мың тонна өнім шығарған. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,5% артық.

Нан өндіру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 10 мың тоннадан аса ұн тартылған. Бұл - республика бойынша үлестің  24%-ға жуығы.

Ал ең азы - Ұлытау өңірінде. Ондағы өндіріс көлемі - 401 тонна. Соның салдарынан аймақта нан бағасы да 50%-ға дейін өскен.

Ақмола мен Маңғыстау облысында да нан қымбаттаған. Алайда мамандар бұл "дүниежүзі бойынша өте төмен баға" дейді. 

"Расымен Қазақстандағы нан арзан. Өйткені елімізде қазір азықтүлік келісімшарт корпорациясы бидайды төмен бағада ұнды сату кестесімен жұмыс істейді, яғни ол нарық құнынан төмен. Бидай өңдейтін кәсіпорындары әлеуметтік ұн алады. Оны әлеуметтік наубайханаларға нан пісіруге жібереді. Ал Азықтүлік келісімшарт корпорациясына бұған арзан астықтың тоннасына 25 мың теңге көлемінде субсидия қарастырылған".Қазақстан астық өңдеушілер одағы құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Евгений Ган
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: