Жаңалықтар тізбегі
0

Зерттеу: ең қымбат алма Алматыда, ал ең арзаны Ақтөбеде сатылады

алма бағасы қымбат, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 14:29 Сурет: pixabay
Ең арзан алмасы бар елдер рейтингінде Қазақстан Беларусьпен бөлісіп, 104-тің ішінен тек 19-шы орынды иеленді. Қазақстанда алманың келісі ел тұрғындары мен қонақтарына орта есеппен 619 теңгеден сатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейтингтегі үздік көрсеткіштер Молдова (кг үшін 0,62 доллар – 280 теңге), Украина (0,65 доллар – 294 теңге) және Түркия (0,68 доллар – 307 теңге). Рейтингке енген елдердің ішіндегі ең қымбат алма– Оңтүстік Кореяда атылады (6,17 доллар – 2794 теңге), деп хабарлайды energyprom.kz.

ТМД елдері ішінде ең қымбат алма Қазақстанда емес, Өзбекстан (1,29 доллар – 584 теңге) мен Ресейде (2,18 доллар – 987 теңге) сатылған.

Қазақстандықтар арасында алманың танымалдығына және еліміздің «оңтүстік астанасының» «алма» нышандарының барлық түрлеріне қарамастан, Қазақстанның, Алматы қаласы арзан алмасы бар елдерге жатпайды.

Биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар үшін алма құны бір жылда бірден 28,5 пайызға қымбаттады. Ал бағаның ең жоғары өсу қарқыны тек Алматыда (бірден жылына 56,9%-ға) және Алматы облысында (47,3%-ға) байқалды.

Мамыр айында ең «қымбат» ірі қалалар:

  • Ақтау – кг 792 теңге,

  • Өскемен – кг 745 теңге,

  • Нұр-Сұлтан – келісіне 711 теңге.

Бір килограмм үшін ең қолайлы бағалар белгіленген:

  • Қызылордада – 514 теңге,

  • Ақтөбе – 528 теңге,

  • Көкшетау – 531 теңге.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: