Қазақстан жанар-жағармайы арзан әлемдегі ТОП-10 елдің қатарына енді

Рейтинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 22:43 Сурет: pixabay
Қазақстан жанар-жағармай ең арзан елдер тізіміне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

GlobalPetrolPrices мәліметіне сүйенсек, 14 наурыздағы жағдайға сәйкес, АИ-95 жанар-жағармай бағасының құны бойынша Қазақстан 170 елдің ішінде сегізінші орында тұр.

Еліміздегі бензиннің бір литрінің бағасы 0,393 долларды құрайды.

Ең арзан жанар-жағармай Венесуэлада болып шықты, онда оның бір литрі 0,025 долларға бағаланған. Сондай-ақ, арзандық ондығына Ливия (0,032), Иран (0,051), Сирия (316), Алжир (0,322), Ангола (0,340), Кувейт (0,345), Нигерия (0,4) және Түрікменстан (0,428) кіреді.

Қазіргі уақытта жанар-жағармай бағасы ең қымбаты АҚШ-та, ондағы бензиннің құны Қазақстанға қарағанда үш есе қымбат тұрады.

Егер сатып алу қабілеттілігі бойынша бағаласақ, онда АҚШ төртінші орында. Америкалықтар бензинге ай сайынғы кірісінің 0,9% жұмсайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: