Ең қымбат шай сатылатын өңір аталды

Ақпан айында қара шай Қазақстанда орташа есеппен келісіне 3819 теңгеден сатылды. Еліміз бойынша ең қымбат шай Нұр-Cұлтанда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Energyprom.kz агенттігінің зерттеуінше, елордада бір келі шайдың құны келісіне – 4108 теңге. Ең «қымбат» қалалардың қатарында Қарағанды (4093 теңге) мен Алматы (4074 теңге) бар.
Қазақстандықтардың сүйікті сусынын төмен бағада Түркістаннан табуға болады. Онда 1 келі қара шай 3557 теңге тұрады. Сонымен қатар Павлодар (3610 теңге) мен Оралда (3619 теңге) арзан шай табуға болады.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша шай айына 0,4%-ға, жылына 9,3%-ға қымбаттады.
Өңірлер арасында шай Батыс Қазақстан (17,1%-ға), Алматы (16,8%-ға) және Шығыс Қазақстан (14,7%-ға) облыстарында айтарлықтай қымбаттады.
2022 жылдың қаңтарында қазақстандық компаниялар өткен жылдың осы айындағы 950 тоннамен салыстырғанда 712 тонна қара жапырақты шай өндірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript