Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ең жоғары жалақы қай өңір жұмысшыларына тиесілі

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2021 20:58 Pixabay
Жалпы, Қазақстанда бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 233 136 теңгені құрайды.

Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын мамандық иелері белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz Деловая Казахстан басылымына сілтеме жасап.

Айына орта есеппен 472,2 мың теңге табу үшін тау-кен өнеркәсібіне және кен орындарын зерттеу жұмысына орналасуыңызға болады. Егер айына 422,6 мың теңге жетеді дейтін болсаңыз, қаржы және сақтандыру қызметіне жұмысқа тұра аласыз. Кәсіби, ғылыми-техникалық қызметтің табысы айына шамамен 379,9 мың теңге, ал ақпарат және коммуникация саласындағы жұмыс 318,6 мың теңгені құрайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елімізде ең төменгі жалақыны сумен жабдықтау саласындағы, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою бойынша жұмысшылар алады: 145,7 мың теңге, ал ауыл, орман және балық шаруашылығындағылардың орташа жалақысы - 147,7 мың теңге.

Жалпы, Қазақстанда бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 233 136 теңгені құрайды. Ең көп жалақыны Атырау облысындағылар алады, айына - 377,4 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 1,6 есе жоғары. Нұр-Сұлтандағы орташа жалақы айына 349 649 теңгені, ал Алматыда 274 414 теңгені құрайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, ең аз жалақы алатын аймақ - Түркістан облысы. Мұндағы жұмысшы орта есеппен айына 166,7 мың теңге алады, бұл орташа республикалық деңгейден 28,5% төмен.

Жалақы туралы мәліметтер ұсақ кәсіппен айналысатын шағын кәсіпкерлік сала жалақысын есепке алмай қалрастырылғанын баса айта кетелік. Халықаралық стандарттарға сәйкес, бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша төлемдер, үстемелер, сыйлықақылар, сондай-ақ салықтар мен басқа да аударымдар (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары) ескеріле отырып қалыптастырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: